Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Біржан сал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2-00-06 - науқастарды тіркеу орны
2-11-33 - қабылдау бөлмесі
2-00-18 - cенім телефоны

          Еңбекшілдер аудандық орталық ауруханасы 17048 аудан тұрғынына қызмет көрсетуде. Бөлімшедегі 60 төсек-орын, соның ішінде терапевтік бөлімшеде 23, хирургия бөлімшесінде—16, перзентханада—9, балалар бөлімшесінде 12 төсек-орын тәулік бойына, 31 төсек-орын күндізгі уақытта науқастарды қабылдауға әзір. Бір ауысым ішінде 200 адамды қабылдауға қабілетті емхана,1 дәрігерлік амбулатория , 30 медпункт, 3 ФАП жұмыс істеуде.Дәрігерлердің штат бірлігі 45 болса, нақты 25-імен ғана қамтамасыз етілген,  жалпы жыл басында 140 орта буын медициналық қызметшілер, 76 төменгі буын мед.қызметшілер, 74 әкімшілік, 125 орта буын медицина қызметкері болды. Аудан дәрігерлермен 12,9 %, орта буын мамандармен 73,3% қамтамасыз етілген.Дәрігерлердің 1-еуі - жоғары, 3-еуі-бірінші,1-еуі екінші санатты, 39 орта буын медицина қызметкерлерінің 10-ы жоғары,13-і-- бірінші, 18-і екінші санатты.

         Аудандық емханада 13 мамандық бойынша қабылдау жүргізілуде.Мұнда 15 дәрігер, 31 орта буын медицина қызметкері және 16 төменгі буын және басқа да қызметшілер еңбек етуде.Сондай-ақ УДЗ кабинеті, рентген кабинет, зертхана, дәрігерге дейінгі кабинет, ЭКГ кабинеті, дәріхана келушілерге қызмет етуде.БҰДСЖ (бірегей ұлттық денсаулық сақтау) және БАДСЖ (бірегей ақпараттық денсаулық сақтау) жүйелері енгізілген, барлық жұмыс орындары компьютерлендірілген, шипашақтар (рецептер) электронды түрде жазылып берілуд . Ауырып, дәрігерге көрінген адамдар дәрігерлердің шипашақтары бойынша дәрі-дәрмекті емхананың дәріханасынан тегін алуда.Науқастарды ауруханаға жатқызу «Госпитальдау бюросы» арқылы  жүзеге асырылуда.Сондай-ақ үйлерінде емделушілер облыстық мамандардан ақыл-кеңесті де портал арқылы  алуда. 

Back to Top