Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Біржан сал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2-00-06 - науқастарды тіркеу орны
2-11-33 - қабылдау бөлмесі
2-00-18 - cенім телефоны

  "Біржан сал аудандық ауруханасыың" ресми сайтында Сізге сәлем жолдаймыз.Бұл сайттың басты мақсаты емделушілер үшін де, басқа да медициналық мекемелердегі әріптестеріміз үшін де ауруханамыздың ақпараттық ашықтық деңгейін арттыру және қажетті мәліметтердің қол жетімділігі болып табылады.Сіздер бұл сайттан мекемемізде жұмыс істеп тұрған барлық бөлімшелердің жұмысымен танысып, емделушілерге көрсетіліп отырған сапалы медициналық көмек түрлері жайлы біле аласыздар, өздеріңізді толғандырған сауалдарыңызды қоя аласыздар. Сондай-ақ Сіздер Біржан сал өңірі тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолында жан аямай еңбек етіп жүрген мамандар туралы қажетті мәліметтерге қанығып, ұйымымыздың даму тарихына көңіл бөле аласыздар.

  Денсаулық жүйесінің негізгі мақсаты --аурулардың алдын алу мен дертті жою, адамдарымыздың мүгедектікке ұшырауы мен қайтыс болу жағдайларын азайту, шынығуын, еңбекке қабілеттілігін арттырып, ұзақ өмір сүрулеріне ықпал ету.Денсаулық сақтау жүйесін басқару –бұл күрделі көп деңгейлі және көп қырлы іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жүйе саланың және оның ресурстарының (кадрлардың, денсаулық сақтау ұйымының,материалдық-техникалық базаның, қаржыландырылудың) тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді.Саланың қызмет атқаруы құқықтық-нормативтік ретке келтіру, медициналық технологиялар, медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігі арқылы жүзеге асырылады.

  Қазіргі кезеңдегі қоғамымыз өмірінің барлық жақтарын реформалау жағдайында ауданның денсаулық сақтау жүйесінің проблемалары ерекше бір өзекті сипат алуда. Бұл орайда денсаулық сақтау саласын өмірдің жаңа жағдайларына икемдеу, қаржыландыру жағдайларын өзгерту, емдеу-профилактикалық мекемелерінің жүйесін жаңғырту және саланы тиімді басқару тетіктерін әзірлеу қажет етіледі.Сондықтан денсаулық сақтау саласында басталған өзгерістердің табысты болуы әрбір медицина қызметкерінің жұмысына байланысты болмақ.. Өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін, жан жылуын өздері таңдап алған мамандығына аямай жұмсап жүрген біздің қызметкерлеріміз аудан халқының денсаулығын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін аямайтындығына сенімдімін.

  Дәрігерлеріміздің қол жеткен биік табыстарын жетілдіре отырып, біз күн сайын қызмет көрсету сапасын жақсарту жолында, ең бастысы --медициналық көмектің қол жетімділігі үшін жұмыс атқарып жатқан жайымыз бар. Осы ақпараттық сайт баршаңызға пайдалы болатындығына сенімдімін. Өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар.Болашақ Сіздердің шешімдеріңізге байланысты екендігі естеріңізде болсын.

 

Back to Top